23 Октябрь
22:57
Астана: 6 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Кербез
7 қараша 16:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қысқа орамжапырақ жабудың 5 әдісі

 
Орамжапырақтан жасалатын «Күзгі» салат
 
Сізге қажет:
орамжапырақ – 5 келі;
сәбіз – 1 келі;
пияз – 1 келі;
қызыл бұрыш – 1 келі;
қант –350 грамм;
май (кез-келген өсімдік майы) – 500 миллилитр;
сірке – 500 миллилитр.
 
Дайындау тәсілі:
 Көкөністерді үккіштен өткізіп, ұсақтап, араластыру қажет. Тұз, сірке, қант, май қосып тағы араластырыңыз. Содан кейін банкаға салып, қақпағын жабады. Салатты ұзақ уақыт тоңазытқышта сақтауға болады.
 
 

Орамжапырақ салаты
 
Сізге қажет:
 балғын орамжапырақ – 2 келі;
балғын қияр – 1 келі;
0,5 келі бұрыш;
2,5 келі қызанақ;
1 келі пияз;
ас тұзы – 4 ас қасық;
сірке– 5 ас қасық;
бір стақан қант;
май (дәміне қарай кез-келген) – 700 миллилитр;
ақжелкен.
 
Дайындау тәсілі:
Көкөністерді жуып, комбайнмен төртбұрыштап турап, араластырып, ақжелкенді қосады. Сосын сірке, тұз қосып, араластырып, банкаға салып, жабады. Жарты литрлік банкаларды 15 минут, бір литрлік банкаларды 30 минут булау қажет.  
 
 
Баклажан қосылған орамжапырақ
 

Сізге қажет:
балғын баклажандар – 1 келі;
балғын орамжапырақ – 1 келі;
300 грамм сәбіз;
бір түйін сарымсақ;
қара бұрыш – 10 дана;
ащы бұрыш;
1,5 қасық тұз (ас қасықпен);
жарты стақан сірке.
 
Дайындау тәсілі:
Баклажандарды тазалап, суда 7 минут қайнатып, суын ағызады. Орамжапырақ пен сәбізді турап, сарымсақты езіп, туралған бұрышпен араластырып, қосады. Баклажандарды төрт бұрыштап турап, барлық ингредиенттерді араластырып, сіркені қосады. Салатты банкаларға салып, жабады. Содан кейін бір апта тоңазытқышта сақтау керек.
 
нравится:    1163
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии