22 Январь
13:49
Астана: -32 °C
Алматы: -10 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Кербез
15 желтоқсан 09:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қыста піскен жеміс-жидекті қалай таңдау керек?
Қыстың күні жеміс-жидек сөрелері жаздағыдан да жайнап кетеді. Себебі бұл кезде өзге елдерден экзотикалық жеміс-жидектер жеткізіледі.

 
 
Мандариндер – жаңажылдық мейрамның символы. Ең дәмдісі Испанияның мандариндері. Олар басқаларынан ірілеу, ашық қызғылт болады. Түріктердің мандарині жасыл-сарғыш келеді. Олар қышқылдау, сүйегі көп. Ал Абхазияның мандариндері ұсақтау әрі қабығы да жұқа.
 
Ананастың сапасы оның қалай жеткізілгендігіне байланысты. Негізінен ананас ұшақпен жеткізіледі. Оның сапасын сондай-ақ жасыл әрі қатты жапырақтарынан білуге болады.
 
Анарды қабығына қарап таңдаңыз. Оның түсі қанық қызыл, кейде қызғылт болады. Құрманың піскені жұмсақ болады. Қаттысын тоңазытқышқа салып, кейін жібіту керек. 
 
Дереккөз: http://goodhouse.com.ua
нравится:    97
Теги: Ас мәзірі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии