13 Декабрь
03:55
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
29 ақпан 09:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытай 2017 жылы зейнеткерлік жасты көтермек


Қытай халықтың қартаю үрдісі тарапынан қысымды азайту мақсатында 2017 жылы заңда көзделген зейнеткерлік жасты көтеру жоспарын әзірлеуде.
«Жоспар бесжылдық өтпелі кезеңнен кейін 2022 жылы іске қосылуы мүмкін», - деп хабарлады сенбіде China News ҚХР Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің зерттеушісі Цзинь Вэйганға сілтеме жасап.
Ресми деректерге сәйкес 16-60 жас аралығындағы қытай тұрғындарының саны 2015 жылы 4,87 млн адамға қысқарып, 911 миллионға дейін азайды.
Қазіргі уақытта Аспан асты елінде ерлердің зейнеткерлік жасы - 60,  өндірісте емес салада еңбек еткен әйелдердің зейнеткерлік жасы - 55, өндірістік саладағылардың зейнеткерлік жасы - 50 жас, деп хабарлайды Синьхуа.
 
нравится:    827
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии