|    |  
17 қазан 2019
23:26
қаз
​Қытай басылымдары Димаш Құдайберген туралы жазып жатыр
19 қаңтар 2017, 09:17 44
Әнші Света мен Қанат Айтбаевтардың ұлы Димаш Құдайберген бір апта бұрын Қытайдағы әлемдік жұлдыздар қатысатын байқауға бақ сынауға аттанған болатын. Бүгінгі күндері Қытай басылымдары байқау қатысушылары туралы жаппай жазып жатыр.


 
«Мен әншімін» деп аталатын бұл жобаны Қытай елінің Hunan TV телеарнасынан 2 млрд халық тамашалайды. Байқаудың биыл өткізіліп отырған 5-ші маусымы. Жерлесіміз кәсіпқой әншілердің арасындағы аламанға түскен ең жас өнерпаз. Анасы Света Айтбаева Димаштың бұл додаға барар жолда үлкен дайындық жүргізгенін, стиль, имидж, бағыт-бағдар бәрі жаңаша болатынын да тілге тиек еткен еді. Жерлесіміз француздардың «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, байқаудың бірінші кезеңінен сүрінбей өткен болатын. Сәттілік серік болғай!
 


Жаңалықтар