planet-today.ru.
Әлем жаңалықтары
24 қараша 17:07
Қытай билігі 13 миллион адамға азаматтық бермек
Қытай билігі  қазіргі уақытта ел аумағында ресми құжатсыз тұрып жатқан 13 миллион адамға азаматтық бермек. Әлі күнге дейін азаматтық алмай жүрген азаматтар елдің бұрынғы  «бір отбасы бір бала»  заңын өрескел бұзу салдарынан мемлекеттік ресми органнан тіркеуден өте алмай жүргендер деп жазады planet-today.ru.



Жақында ел билігі аталған саясатты тоқтатып, бір отбасына екі бала өсіруге рұқсат берген болатын.
 
Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі шамамен 13  миллион адамды тіркеуге алатындығын хабарлап айтқан. Әзірге оларға осы уақытқа дейін тіркелмей жүргені үшін айыппұл  салу жағы нақты шешілмеген.
 
Еске сала кетейік, бұрынырақта Қытайдың «бір отбасы бір бала»  заңын бұзған адамдар мемлекетке қомақты мөлшерде айппұл төлеп келген еді. 

Комментарии




Яндекс.Метрика