22 Август
13:09
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
24 шілде 11:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытай дәрігерлері генетикалық семіздікпен күресудің әдісін ойлап тапты
Қытай дәрігерлері генетикалық семіздікпен күресудің әдісін ойлап тапты

Қытай дәрігерлері әлемде алғаш болып генетикалық семіздікпен күресудің әдісін тапқанын мәлімдеді. Прадера – Вилли синдромына шалдыққан бір топ бала тәжірибеден кейін салмақ тастаған, деп хабарлайды «Синьхуа». Тәжірибе екі жылға созылыпты, оған 17 бала қатысқан екен. Шанхай университетінің мамандары үш айдың ішінде Прадера – Вилли синдромына шалдыққан балалар орташа өз салмағының 18%-ын жоғалтқанын айтады. 

Прадера – Вилли синдромы – хромосомалардың бірінің бұзылуынан болатын сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Семіздік – синдромның өлімге әкеп соғатын едәуір ауыр салдарларының бірі. Мұндай адамдар тойғанын білмей, тоқтаусыз жей береді. Қазіргі таңда сырқаттың емі жоқ. 

Қытай дәрігерлері қандай ем қолданғандарын ашып айтпай отыр. Сөздеріне қарағанда, ем қабылдау барысында балалардың бірі 140-тан 73 келіге дейін салмақ тастаған және қайта қоспаған көрінеді. 

«Бұл әлемдегі алғашқы генетикалық семіз балалардың салмағын бақылаудың сәтті талпынысы болып отыр. Ішек микробиотасы бұған дейін емделмейді деп есептелген кеселге әсер ету үшін қолайлы нысан болып шықты», – деп мәлімдеді Шанхай университетінің өкілі Чжао Липин.

Дереккөзі:BNews.kz
нравится:    923
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии