19 Декабрь
04:21
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
28 қыркүйек 10:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытай экономикадағы тұрақсыздықты еңсеру үшін жаңа нормаға көшті


Ең алғашқы пікірді Сіз жолдаңыз! expert.ru Бүгінде экономикасы күшті деген Қытайдың өзі дамуын бәсеңдетіп, қайта жандандыруға жанталасып жатыр. Юань құнсызданып еді, көп ұзамай әлемде қаржы нарығы басталып кетті. Тіпті Америка, Еуропа және Азияның ірі қор биржалары не істерін білмей дағдарып қалды. Экономикалық мәселелерді талдаумен айналысатын кейбір сарапшылар жыл соңына дейін юань әлсіреп, 1 доллар 7 юаньға дейін өседі деп болжайды. Тіпті 2016 жылы 1 доллар 8 юаньға жететінін жоққа шығармайды. Бірақ Орталық банк «10 пайызға дейін құнсыздану болмайды», - дейді. Жаһандық дағдарыс экономикасы қуатты деген Қытайдың өзін екі бүйірінен қысты. Сондықтан Үкімет ЖІӨ-нің өсу көрсеткішін ұстап қалу үшін бар күшін салып жатыр. Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша алып елдің ЖІӨ-і 7%-ды көрсетті. Ендігі саясат – макроэкономиканы дамыта отырып, қалыпты жағдайда ұстап тұру керек. Бұл экономика дамуының келесі кезеңге көшуі, яғни «жаңа норма» деп аталады. Сарапшы Жу Жынцзиннің айтуынша, Қытай шетелдік инвестиция мен өңдеу саласына қарап отырмай, ішкі нарықтағы сұранысты арттыру арқылы экономика өсімін қамтамасыз етпек. Жу Жынцзинь, макроэкономика және құнды қағаздар бойынша экономикалық сарапшы: - Қытай қазіргі уақытта «жаңа норма» саясатын іске асыруға кірісті. Ол құрылымды экономикалық реформалар жүргізу арқылы даму сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Қазір экономика өсімі бір қалыпты. Бірақ ол даму бағыты мен құрылымын өзгертіп келеді. Өнеркәсіптер инновацияға бет бұрды. Мұның бәрі «жаңа нормаға»сай жүзеге асуда. Біз нарықтағы сұранысқа сай әрекет етуіміз керек. Дегенмен Қытайдағы инфлияция тамыз айында биылғы ең жоғары көрсеткіш 2%-ға жетті. Сарапшылар Ұлттық банк юаньді әлсіретпегенде инфляция өсімі бұдан да жоғары болар еді деп болжайды. Өйткені қысым түскен ұлттық валютаны құнсыздандыру экономиканы реттеп алуға мүмкіндік берді. Бүгінде Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін де ақша бағамын еркіндікке жіберу экономиканы ілгерілетуге жол ашады, - дейді қытайлық сарапшылар. Биан Иоңзу, Қытай халық университеті экономика және қаржылық зерттеулер орталығының сарапшысы: - Кез келген елдің валютасы нарық заңы бойынша жиі өзгерістерге ұшырап тұрады. Әсіресе халықаралық сауда-саттықта көптеген мемлекеттің экономикасы бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Сондықтан ақша бағамын халықаралық жүйеге икемдеп отыру міндетті, жасалуы керек шара дер едім. Қазақстанмен қоңсылас жатқан Қытайдың дағдарысты еңсеруде өзіндік тәжірибесі бар. Тарихқа үңілсек, 2009 жылы күрделі кезеңде экономикасын қайта жандандыру үшін 4 триллион юань бөлді. Қомақты қаржының негізгі бөлігін бағамды ұстап тұруға, валютаға деген сұранысты реттеуге жұмсады. Нәтиже болды, бірақ ұзаққа бармады. Ли Кэцян, ҚХР Үкімет басшысы: - Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы бері, тек мөлшерлемені жеңілдетіп кедергілерді жоя алмаймыз. Бұл шара уақытша ғана көмектесіп, ұзақмерзімді дамуды тежейді. Басым бағытты экономиканың нақты секторын дамытуға  жұмсау керек. Ол үшін реформалар жүргізіп, халықарлық қарым қатынасты жандандыра түсу қажет екен. Біз сондықтан «Бір белдеу, бір жол» жобасын ұсынып отырмыз. Бұл бағдарлама өндірістік саланы жаңа сүрлеуге салып, өзге де елдердің артықшылығын ашады. Өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы арқылы Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін пайдаланып үлесін алады. «Нұрлы жолдың» да мақсаты сол. Инфрақұрылымды дамытып, өндірістердің  инновацияға  құрылуына мән бере бастады. Себебі кез келген салаға көзсіз инвестиция құя берудің де бұрыстығын уақыт көрсетті. Мәселен 2009 жылғы экономиканы жандандыру үшін Қытай өндіріс саласына жаппай инвестиция салды. Бұл тығырықтан шығарды, бірақ басқа мәселе ала келді, - дейді Биан Иоңзу. Биан Иоңзу, Қытай халық университеті экономика және қаржылық зерттеулер орталығының сарапшысы:  - Біз тек өндірісті дамытып, сұранысты мүлдем естен шығардық. Сөйтіп көптеп артылып қалған тауарларды ескермедік. Бұл кәсіпорындар қарызының тым өсіп кетуіне әкелді. Әрине Қытай сол кезде ғаламдық экономиканың дағдарыстан жылдам шығуына өз септігін тигізді, өйткені біз әлемдегі ең алып шикізат тұтынушы елміз. Шынымен әлемде шикізат нарығында Қытайдың орны ерекше. Жердегі халықтың 20%-ы тұратын елдің шикізат тұтыну үлесі мынандай: бетон 60%, алюминий 54%, никель 50%, мыс 48%, болат 46%. Ұзын-сонар тізімді жалғастыра беруге болады. Мұндағы өндіріс қарқынының бәсеңдеуіне халықаралық қауымдастықтың, әсіресе шикізат cатушы елдердің алаңдап отырғаны сол. Дегенмен бұл тұрақсыздықты еңсеру үшін әлем елдері «жаңа нормаға» көшіп, құбылмалы жағдайға бейімделе бастады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    868
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии