12 Декабрь
01:09
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
15 ақпан 14:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытай экономикасы туралы қызықты деректер
Қытай экономикасының соңғы 10 жыл ішінде қарқынды дамуы көптеген экономистердің және саясаткерлердің таңданыстарын туғызды. Бірақ 2015 жылдың соңында орын алған қор нарығындағы дағдарыс алып елді сарсаңға салуда. Біз осы ретте қытай туралы оның нарығына, демографияға қатысты мынадай қызықты деректерді insider.pro. сайтына сүйене отырып ұсынамыз.



Қытай халқының саны 1,367 млрд адамды құрайды. Қытайда белгілі бір дін жоқ. Бірақ 54 миллионға жуық халық христиан дінін ұстанады.



Қытайда жылына 80 млрд бір реткі ас жеу таяқшасы қолданылады. Мұндай санда таяқша өндіру үшін жылына 20 млн. Жас ағаш кесіледі екен.



Қазіргі кезде жер шарында 7,39 млрд адам тіршілік етуде. Қытайдың ЖІӨ әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бір болып есептелетін Доминикамен салыстырғанда 19758 есеге жоғары, алайда  екі елдің жан басына есептелген ЖІӨ көлемі бойынша екі ел қарайлас.

Шамамен Қытайдың 1 миллиондай тұрғыны күніне 1 долларға ғана өмір сүреді.



Қытай әлемдегі темекі өнімдерін көп қолданатын ел қатарында. Tobacco Atlas таратқан мәліметтеріне қарағанда 8,937 млн бала және 275,9 млн ересек адам тұрақты түрде шылым шегеді.



Қытайда желінген балмұздақтан 2344 олимпиядалық бассейн тұрғызуға болады. Олимпиядалық бас­сейнде шамамен 2,5 млн лит­р су болады.  2014 жылы Қытай балмұздақты тұтыну бойынша АҚШ-ты басып озды.



2015 жылы қытайда   57-қабаттан тұратын үйді небәрі 19 күнде тұрғызып рекорд орнатты. 



ҚХР  әлемдегі шошқалардың жартысын өсіріп отырған мемлекет.  Әр қытайлық жылына орта есеппен 39 кг шошқа етін тұтынады.

 
 
нравится:    4022
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии