22 Август
22:45
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
26 ақпан 11:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қытай ғалымдары смартфонды 15 минутта қуаттау жолын тапты
Қытай ғалымдары смартфонды 15 минутта қуаттау жолын тапты

Қытайдың Oppo компаниясы смартфон аккумуляторын 15 минутта қуаттауға арналған Super VOOC технологиясын таныстырды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Компанияның мәліметінше, жаңа құрылғы арқылы аккумуляторды 5 минутта 10 сағат сөйлесуге жететіндей етіп қуаттауға болады. Смартфон қарапайым USB жалғағышымен қуатталады. Технология 5 вольттік қуат импульсінің алгоритміне негізделген. Ол аккумулятордың қатты қызып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, технология түрлендірілген аккумулятордан, жаңа адаптерден, кабель мен коннектордан тұрады.

Айта кетейік, бұл технология смартфонды 35 минут ішінде 80 пайызға дейін қуаттайтын Quick Charge 3.0 от Qualcomm жүйесін артта қалдырды.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    1002
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии