26 Сентябрь
04:15
Астана: -4 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Мәдениет
28 маусым 18:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытай Леди Гаганың шығармашылығына тыйым салды

Қытай билігі өз аумағында америкалық поп-әнші Леди Гаганың шығармашылығына тыйым салды, деп хабарлайды Baq.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оған әншінің Далай-Ламамен кездесуі себеп болуы мүмкін, деп пайымдайды The Guardian басылымы.

Хабарламаға сәйкес, Леди Гаганың әндеріне елдің бүткіл аумағында тыйым салынған. Сәйкес шешімді Қытай Коммунистік партиясы қабылдапты.

Естеріңізге сала кетейік, Леди Гага мен Далай-лама 26 маусымда Индианополисте (АҚШ, Индиана штаты) кездесіп, жақсылық, ізгілік, төзімділік пен рақымшылық тақырыптарын тарқатқан, медитация жайын сөз қылған. Олардың әңгімесі бас-аяғы 20 минутқа созылыпты-мыс.

Беңжің бұған дейін де Далай-ламаға жолыққан әншілердің шығармашылығына өз аумағында тыйым салғаны есімізде. Бұған дейін, тыйымға іліккендердің тізіміне Maroon 5, Бьорк пен Oasis енді. Олардан бөлек, «Тибетте өткен жеті жыл» фильміне түскені үшін Бред Питтке ҚХР аумағына кіруге мүлде тыйым салынды. Ол картинада атақты актер бала кезінде Далай-ламамен дос болған альпинист Генрих Харрердің рөлін сомдайды.
нравится:    788
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии