23 Август
14:10
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Экономика
2 желтоқсан 09:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытай юаны әлемдік резервті валюта атанды
Қытайдың юаны резервті валюта қоржынына қосылды. Сәйкес шешімді Халықаралық валюта қоры қабылдаған. Қытай ақшасымен қатар бұл тізімде АҚШ доллары, еуро, британдық фунт-стерлинг пен жапондық йен бар.



Юань 11 пайыздық үлесімен резевті валюта қоржынында доллардан кейін екінші орында тұр. Айта кеткен жөн, бұл тізім соңғы рет 1999 жылы өзгертілген еді. Ол кезде резервті валюта қоржынынан француз франкы мен неміс маркасы алынып тасталып, еуро қосылған болатын. Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басшысы: - Юаньді резервті валюта қоржынына қосу шешімін халықаралық валюта қорының директорлар кеңесі қабылдаған. Бұл – Қытай экономикасының жаһандық қаржы жүйесіне бірігуіндегі аса маңызды қадам. Ол сондай-ақ аспан асты елі билігінің соңғы жылдар ішінде өзінің валюта және қаржы жүйесін реформалаудағы жетістігін білдіреді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    931
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии