19 Ноябрь
16:36
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Экономика
1 наурыз 09:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда 1,8 млн жұмысшы қысқартылмақ


Қытайда кен өндіру және металлургия саласында 1 млн 800 мың жұмысшы қысқартылмақ. Бұл туралы баспасөз мәслихатын өткізген Қытайдың еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Инь Вэйминь мәлім етті. Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Инь Вэйминьнің мәлімдемесі қазір Қытайда қызу талқыланып жатыр. Көпшілігі жұмыстан қысқаратын 2 млн-ға жуық адамның қалай күн көретініне алаңдаулы. Дегенмен бұл қадам қажеттіліктен туындап отыр. «Алайда біз экономиканың басқа салаларында жаңа жұмыс орындарын ашуға баса мән береміз», - деді министр.

Инь Вэйминьнің айтуынша, шектен тыс өндіріс көлемін қысқарту биылғы жылдың басты міндеті болып отыр. Экономиканы құрылымдық реформалау жұмысы бойынша көмір өндіру саласында 1 млн 300 мың адам, ал болат қорыту саласында 500 мың адам жұмыстан қысқартылады.

Жалпы алғанда, 1 млн 800 мың адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Министрдің айтуына қарағанда, үкімет жұмысшыларды басқа мамандыққа даярлауға, еңбекпен қамтуға, өтемақы беруге қатысты бағдарлама әзірлеген. Тіпті бос отырып қалғандарға екі жылдай өтемақы төленіп тұрмақ. Ол үшін арнайы қор құрып, 15 млрд доллар қарастырылған. Бұл жұмыстар алдағы 4-5 жылда жүзеге асырылмақ.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    694
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии