Әлем жаңалықтары
19 тамыз 09:23
Қытайда 16 метрлік сарқырамадан құлаған бала аман қалды
Қытайда 16 метрлік сарқырамадан төмен құлаған кішкентай бала тірі қалды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.



Инцидент Гуйчжоу провинциясындағы Бицзе қаласында орын алған. Әзірге аты аталмай отырған кішкентай бала өзеннің жағасында қатарларымен ойнап жүрген. Су тасқынынан секіріп өтіп жүріп, бала кенет салмағын тең ұстап тұра алмай қалған. Осыдан кейін оны ағыс алып кетіп, сарқырамаға дейін апарған.

Балақай сарқырама бойымен төмен қарай құлап бара жатқанында жолдағы бір тастан ұстай алып, жоғарыға өрмелеп шыққан. Бала сол жерде полицейлерді күтіп тұрған. Кейін тәртіп сақшыларының бірі беліне жіп байлап алып, төмен түсіп, баланы жоғарыға алып шыққан.

Дереккөзі: ras.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика