17 Декабрь
15:58
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
3 маусым 09:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда адамды танитын банкомат жасалды
Қытай адамды жүзінен тану технологиясына ие әлемдегі ең алғашқы банкоматты құрастырды. Егер қызметті қолданушының келбеті тіркелген несие картасының иесімен сәйкес келмесе, банкомат ақша бермейді. Ханчжоу қаласындағы Tzekwan технологиялық компаниясы мен Цинхуа университетінің мамандары біріге жасаған банкомат биометрлік үлгіге ие болды, деп жазады қытайлық Синьхуа ақпараттық агенттігі.


Биометрлік банкоматтың алдына орнатылған камера қолданушының бетін суретке алып, өзінде бар мәліметпен салыстырады. Құрастырушылардың айтуынша, жаңа жүйе адамның биологиялық ерекшеліктерін де аңғара алады. Сондықтан адамның түрінің әр түрлі себеппен өзгеріске ұшырауы ешқандай қиындық тудырмайды екен.
Tzekwan компаниясының бас директоры Гу Цзикун (Gu Zikun) банк қызметін көрсетудің жаңа үлгісі жуырда нарыққа шығатынын хабарлады. Ал аппараттың жұмыс істеу алгоритмі туралы әзірге ештеңе айтылмады.

Гудың айтуынша, адамның бейнесін тани алатын АТМ-банкоматтар қаржы қылмысына қарсы күрестің күшеюіне айтарлықтай септігін тигізеді. Сонымен қатар, банкомат қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз ету мақсатында өзі берген ақшаның сериялық нөмірлерін сақтап отырады.
Ресми ақпаратқа орай, жаңа жүйемен жабдықталатын қызмет үлгісі бүгінде қолданылып жүрген банкоматтарға қарағанда 20%-ға ұтымды жұмыс істейтін болады, деп жазады massaget.kz.
нравится:    725
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии