18 Август
01:12
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
28 маусым 12:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда әлемдегі ең алғашқы «орман қала» бой көтермек


Миландағы «Тік орман» («Вертикальный лес») тұрғынүй кешенін салған италиандық архитектор Стефано Боэри Қытайда әлемдегі ең алғашқы «орман қаланы» тұрғызбақ.

Stefano Boeri Architetti  «жасыл» жобасының мақсаты – 175 га алаңда «орман қала» тұрғызу. Кешен Қытайдың Лючжоу қаласының маңында Люцзян өзенінің бойында бой көтеретін болады.



Бұл – тұрғын үйлерден, коммерциялық сауда алаңдарынан, екі мектеп пен ауруханадан тұратын кешен болмақ. Архитекторлардың бағалауы бойынша қала 30 мың тұрғынға арналған. «Орман қала» мен Лючжоу арасын жоғары жылдамдықтағы теміржол желісі байланыстыратын болады. 



Әрбір ғимаратта, оның көлемі мен атқаратын функциясына қарамастан, жасыл ағаш отырғызылатын блады. Жалпы алғанда, «орман қалада» 40 мың ағаш, 100 түрлі өсімдіктің миллионға жуық түбі отырғызылады. Мұндай жасыл желек жыл сайын 10 мың тонна көмірқышқыл газын және 57 тонна лас заттарды өзіне сіңіріп, атмосфераға шамамен 900 тонна оттегі бөліп шығаратын болады деп жоспарлануда.

Жоба авторлары «орман қаланың» энергиялық тиімділігіне ерекше назар аударды: ондағы үйлердің шатырларында күн сәулесі батареялары  орнатылады, ал ауаны ішкі салқындатуда геотермиалық энергия пайдаланылатын болады.
«Орман қаланың құрылысы» 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.


Дереккөзі: http://www.radidomapro.ru
 
нравится:    114
Теги: Главная, Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии