Әлем жаңалықтары
4 шілде 09:32
Қытайда әлемдегі ең ірі радиотелескоп салынып бітті

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында әлемдегі ең ірі радиотелескоптың құрылысы аяқталды, деп хабарлады ТАСС.
Мамандар FAST (Five hundred meter Aperture Spherical Telescope) радиотелескопы құрамындағы  4450 шағылдырғыштың соңғысын орнатты.   
FAST рефлекторының диаметрі 500 метрді құрайды, бұған дейін ең ірі саналған Аресибо (Пуэрто-Рико) обсерваториясындағы телескоптың диаметрі 305 метр еді.
Телескопты жасау кезінде көптеген қиындықтар туындады. Құрылыс алаңынан 5 шақырым жерде орналасқан Пинтан және Лодянь таулы уездерінде тұратын тоғыз мыңнан астам адамды көшіруге тура келген.
Астрономдар телескоптың көмегімен 11 млрд жарық жылы қашықтығында орналасқан ғарыш нысандарын бақыламақ.  
ҚХР-дың Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, радиотелескоп көмегімен жерден тыс өркениеттерді де анықтауға болады. 2016 жылдың деректері бойынша Жерден ең алыс нысан GN-z11 галактикасы болып табылады. Ол 13,4 млрд жарық жыл қашықтықта орналасқан. Бұл галактика «Хаббл» орбитальді телескоп көмегімен анықталған.

​ҚазАқпарат

Комментарии




Яндекс.Метрика