|    |  
22 наурыз 2019
09:03
қаз
Қытайда әлемдегі ең ірі ұшақ-амфибия жасалды
09 тамыз 2016, 11:16 3

Қытайда әлемдегі ең ірі ұшақ-амфибияны жасау жөніндегі жұмыс аяқталды. Ол орман өрттерін сөндіруге, сондай-ақ теңіздегі іздестіру-құтқару операциясын жүргізуге қолданылады. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

AG600 маркалы ұшақ-амфибия кеше Оңтүстік Қытайдағы Гуандун провинциясының Чжухай қаласында конвейерден түсірілді.

Қытай авиациялық өнеркәсіп корпорациясындағылар (AVIC) атап көрсеткендей, ұшақтың ұшу кезіндегі ең ауыр салмағы 53,5 тонна болса, бара алатын қашықтығы – 4500 шақырым.

AG600 ұшағы көлемі жағынан «Боингом-737»-пен тең. AVIC бас директорының орынбасары Гэн Жугуанның айтуынша, ол бүгінгі күні әлемдегі ең ірі ұшақ-амфибия болып отыр.


Жаңалықтар