|    |  
17 қаңтар 2019
03:41
қаз
​Қытайда әлемдегі ең кішкентай мектеп жұмыс істейді
31 қазан 2016, 12:37 904

 
Қытайдың Гуантанг ауылында әлемдегі ең кішкентай мектеп орналасқан. Бұл мектепте бір мұғалім мен екі оқушы ғана бар. Оқушылар бірінші сыныпта оқиды.



Ауыл халқы жан-жаққа қоныс аударғаннан кейін мектеп ғимараты босап қалған. Оның үстіне мектеп тауда орналасқандықтан, оған жету қиын болыпты.



53 жастағы Янг Джинхуа мектепке барар жолды өзі жөндеген көрінеді. Джинхуа бұл оқу ордасында 1981 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ұстаз бір оқушы қалса да жұмысын жалғастыра беретінін жеткізген.



Дереккөз: https://life.ru/


Жаңалықтар