Әлем жаңалықтары
21 маусым 10:28
Қытайда әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасалды

Қытайдың жаңа Sunway TaihuLight суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты есептеуіш машина ретінде танылды, деп хабарлайды The Verge.
Бұған дейінгі қуатты компьютер «Тяньхэ-2» де қытайлардың қолынан шыққан. Жаңа машина одан үш есе қуатты. Америкалық және жапондық компьютерлер осы көрсеткіштен біршама қалыс қалған.
Sunway TaihuLight есептеу қуат - 93 петафлопс, ал «Тяньхэ-2» қуаты 33,8 петафлопс қана болған. Алғашқы үштікке кіретін американың суперкомпьютері - Titan қуаты бар-жоғы - 17,6 петафлопс қана. 

​ҚазАқпарат

Комментарии




Яндекс.Метрика