12 Декабрь
02:47
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
27 шілде 10:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп құрастырылады
Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп құрастырылады

Қытай әлемдегі ең ірі радиотелескопқа монтаж жасауды бастады. Оның көмегімен ҚХР алыс ғарышты зерттемек, сондай-ақ Галактика шегіндегі тіршілік іздерін іздейді. Обсерваторияның үлкендігі 30 футбол алаңын құрайды, деп хабарлады The Economic Times басылымы.FAST (Aperture Spherical Radio Telescope) телескобының диаметрі 500 метрді құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша обсерватория әлемдегі ірі телескоп - Пуэрто-Рикодағы Аресибо (диаметрі 305 метр) обсерваториясын басып озады.
FAST (Aperture Spherical Radio Telescope) радиотелескобы Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысына орналастырылады. Үш бұрышты нысанның 4450 панелін монтаждауға құрылысшылар биыл 23 шілдеде кірісті.
Құрылыс 2011 жылы басталған, 2016 жылы аяқталады. Жаңа  телескоп құны 100 миллион долларға бағалануда.

ҚазАқпарат
 
нравится:    947
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии