13 Декабрь
01:58
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
30 қыркүйек 14:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда балаға мұсылманша есімдер қоюға тыйым салынды


Қытай билігі Синьцзян аймағының тұрғындары үшін тым тұрпайы тыйым енгізді. Олар балаларға Айша және Фатима есімдерін қоюға қатаң тыйым салып, бұл есімдерді иеленген бүлдіршіндерді мектепке қабылдамаймыз деп қорқытуда.

"Менің қызымның аты – Муслим. Үйіме ауыл полициясы келіп, қызымның есімін тез арада ауыстыруымды бұйырды", – дейді Турахан есімді мұсылман әйелі Free Asia радиосына берген сұхбатта. – Полицей бізге Муслима деген есімге ресми түрде тыйым салынғанын түсіндірді. Бұдан кейін біздерге қызымыздың атын ауыстырудан басқа амал қалмады".

Сондай-ақ, Қытай билігі Саддам, Бин Ладен, Хуссейн, Арафат, Муджахид, Муджахидулла, Асадулла, Абдулазиз, Сейфулла, Гульдулла, Сейфиддин, Зикрулла, Несрулла, Шемсиддин және Пахирдин секілді ерлер есімі мен Муслиме, Мухлисе, Мунисе, Айше, Фатима, Хадиджа тәрізді есімдерді қоюға қатаң тыйым салған.

Дереккөзі: muslim.kz
нравится:    1312
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии