19 Август
04:05
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
22 маусым 16:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда банк қызметкерлерінің жұрт алдында таяқ жеген оқиғасы үлкен резонанс тудырды (ВИДЕО)


Қытайда Ауыл шаруашылығы коммерциялық банкінің оқыту тренингтері кезіндегі төмен нәтиже көрсеткен бірнеше қызметкерін тренер сахнаға шығарып, бәрінің көзінше таяқпен ұрып шыққан, деп хабарлайды шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары.
Аталған оқиға сол тренингтің үстінде болған. Оны іс-шараға қатысқан банк қызметкерлерінің біреуі бейнетаспаға түсіріп алыпты. Видеода тренинг өткізуші маманның сегіз қызметкерді сахнаға шығарып, олардың не себепті төмен нәтижеге қол жеткізгендерін сұрайды. Банк қызметкерлері жоғары нәтижеге жете алмағандарын мойындайды. Осыдан кейін оларды бірнеше рет таяқпен ұрып шығады.

Қытайда аталған оқиға үлкен резонансты туғызды. Осының нәтижесінде банктің екі жетекшісін жұмыстан шығарды. Ал тренинг өткізген маман кешірім сұрады.


 
нравится:    1117
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии