|    |  
15 қараша 2018
09:08
қаз
Қытайда биржаның құлдырауына күйінген инвестор өзіне қол салды
28 тамыз, 11:48 839
Шэньян  қаласында 57-жастағы қытайлық  он жетінші қабаттан құлап қайтыс болды. Инвестордың өзіне қол салуына елде соңғы күндері орын алған қор нарығының шектен тыс құлдырауы себеп болса керек. Себебі ол құлаған қабатта бағалы қағаздарды сату орталығының ғимараты орналасқан еді.



Бұл жорамалға құлап қайтыс болған ер адамның қасынан табылған акцияларды сатумен байланысты материалдар жинақталған қара портфельде негіз болып отыр.

Дәл осыған ұқсайтын оқиға үстіміздегі жылы Шанхай қаласында орын алған болатын.  Қор нарығының қатты құнсыздануына күйінен әйел, шыдамай өзіне қолған еді.

Еске сала кетейік, соңғы уақыттары Қытайдың қор нарығы бұрын соңды болмаған құлдырауға ұшырап, Шанхай биржасындағы индекс таңертең 4,3 пайызға төмендеді. Ал Гонконгтік қаржы институтындағы көрсеткіштер 0,5 пайызға, жапондық Никкей 1,1 пайызға азайғандығы белгілі. Тек осы жылдың 27 тамызында ғана Shanghai Composite индекісі 5 пайызға көтерілді.

Дереккөзі: lenta.ru
Жаңалықтар