Әлем жаңалықтары
13 тамыз 17:40
Қытайда болған жарылыстың жантүршігерлік көріністері әлеуметтік желіде жарияланды
 

Интернетте  Қытайдың шығысындағы Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардың жантүршігерлік көріністері мен бейнежазбасы жарияланды.
Бейнежазбада Биньхай ауданының басым бөлігін қамтыған ауқымды өрт ошақтарын көруге болады.



Тяньцзинь қаласының кемежайында 12 тамыз күні жергілікті  23.30 сағатта 2 жойқын жарылыс болған еді. Жүк терминалында тұрған жарылғыш заттар мен жанармай цистернасы жарылған. Кейін оның арты алапат өртке ұласты. Жарылыстың күшті болғаны сондай 2 шақырым қашықтықта орналасқан үйлерге зақым келген, деп хабарлайды  РИА Новости.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, ТЖ қайтыс болған адамдар саны 44-ке жеткен.  520 адамға дәрігерлік көмек көрсетілген. 66 адамның жағайы ауыр деп бағаланып отыр. Олардың 12-сі өрт сөндірушілер.

Дереккөзі:vesti.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика