17 Декабрь
21:34
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 09:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда бойжеткен апасын құтқару үшін тірі нысанаға айналды (ФОТО)

Қытайлық Ханчжоу қаласындағы Улянь алаңында серуендеп жүрген адамдарды өзін тірі нысанаға қойған бойжеткен таңқалдырды. Қытайлық азаматша өзінің бойынан биік трафаретті ұстап тұрған. 
Ал трафаретте: «Тірі нысана. Жебемен бір рет ату - 10 юань (1,50 доллар)» деп жазылған, деп хабарлайды Life.ru.
Сондай-ақ оның қасында ақшаны жинау мақсаты мен ақшаны аударуға болатын банк есепшотының нөмірі жазылған тақтайша тұрды.
Көп адамдар Цзи Цзяньлиге сенбей, оны адамдарды алдағысы келеді деп шамалап, оқиға орнына полицияны шақыртты.
Бойжеткен  бұл әрекетке өткір лейкоз дертіне шалдыққан апасын емдеуге қажетті ақша сомасын жинауға көмектесу үшін барғаны анықталды.
Апасы бұл ауыр дертке бірнеше жыл бұрын шалдыққаны, оның отбасы емдеуге ақша жинау үшін көп қарызға батқан екен. Цзиді БАҚ репортаждарында көрсеткен соң, көрермендер апасын емдеуге қажетті ақшаны жинап берді. 


 ҚазАқпарат
нравится:    1110
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии