|    |  
18 қараша 2018
21:24
қаз
Қытайда дүние жүзіндегі ең ұзын шыны көпір ашылды
04 мамыр, 12:13 1498
Қытайдың Чунцин қаласының қонақтары енді жерге бұлттардың арасынан қарайтын болады. Себебі мұнда әлемдегі ең биік шыны көпір ашылды. Бұл туралы mir24.tv хабарлайды. 

Аталған көпір Аспанасты елінің орталығында орналасқан шаһарды кіп-кішкентай ғана етіп көрсетеді екен. Өйткені оның биіктігі 700 метрді құрайды. Бір қарағанда, шыны көпір таулардың арасында қалқып тұрғандай әсер қалдырады.

Жергілікті билік ерекше көпірдің ресми ашылуын 26 сәуірге жоспарлап отыр. Ал бүгін онда серуендеуге тек тілшілер қауымына рұқсат берілген. Жоба жетекшісі алаңда қойылымдар мен көрсетілімдер ұйымдастыруға болатындығын алға тартады.


Бұған дейін «Бұлттағы көпір» Лунган ауданында ашылған болатын. Оның бір шетінен екінші шетіне дейінгі аралық 26,68 метрге тең. Тағы бір шыны көпір 2010 жылы Тбилисидегі Кура өзенінде италиялық Микеле де Луккидің жоспарымен салынды.

Дереккөзі: 24.kz.
Жаңалықтар