13 Декабрь
07:36
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
27 шілде 17:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда ер адам ұшақ бортын өртеп жібермек болды
 

Қытайда Shenzhen Airlines әуе компаниясы рейсінің жолаушысы лайнер бортында өрт шығарған. Болған оқиға нәтижесінде екі адам жарақат алды деп хабарлайды Lenta.ru  The Guardian сайтына сілтеме жасап.
 
Оқиға  26 шілде күні жергілікті уақыт бойынша түнгі бірлер шамасында болған.
 
ТАСС  хабарлауына қарағанда, белгісіз ер адам сұйықтық пен оттық арқылы өрт шығармақ болған.  Экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар ер адамның ойын іске асырмады. Олардың екеуі жарақаттанып, ұшақ жерге жедел қонуға мәжбүр болған.  
 
Құқық бұзған азамат құрықталды. Айта кетейік, қытайлық тасымалдаушылар басқа да әуе компаниялары сияқты ұшаққа оттық пен тез тұтанатын сұйықтық алып кіруге рұқсат етпейді.
  
Әуе компаниясы аталған оқиғаның болғандығын растады, бірақ толық ашып айтудан бас тарқан.
 
нравится:    784
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии