23 Август
10:17
Астана: 22 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
1 қыркүйек 10:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда ғаламторда жалған ақпарат таратқан 197 адам жазаланды
Қытайда ғаламтор арқылы жалған ақпарат таратқан 197 адам жазаланды. Оларға нақты қандай шара қолданылғаны хабарланбаған. Белгілісі, жаңсақ пікір қор биржасындағы көрсеткіштердің күрт төмендеуіне ықпал еткен. Сондай-ақ, бейсауат сөз тасушылар Тяньцзиннің химикат заттар сақталған қоймасындағы жарылыстарды теріс түсіндіріп, апат салдарынан ресми деректе көрсетілген 150 емес, 1 мың 300 адам қаза тапты деп мәлімдеген. 




Қамауға алынғандардың арасында бір журналист пен биржа қызметкері бар. Полиция ұсталғандарды «ел арасында дүрбелең тудырды» деп айыптауда. Тіпті қор нарығына қатысты осы жалған мәліметтерді оқыған Бейжің тұрғыны терезеден секіріп, ажал құшты деген де ақпарат бар. Сонымен бірге, билік 165 интернет парақшасын жауып тастады.

Дереккөзі: 24kz
 
нравится:    824
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии