13 Декабрь
07:42
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
19 қазан 09:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қытайда Гиннестің рекордтар кітабына енетін хризантема өсірілді

Қытайдың Кайфэн қаласында жұртшылық хризантемаға 641 түрі егіскен аталған өсімдікті ұсынды. Синьхуа агенттігінің хабарлағанындай, хризантемалардың сұрыптары жусан діңгегіне егіскен. Бұтақтарының көптігінен өсімдіктің қалыңдығы 3,8 метрге дейін жеткен. Оларды егістіру үшін 4 жыл уақыт кетіпті. Қазір өсімдіктің бойында 1,5 мың хризантема гүлдеп жатыр. Осындай сәндік бақша хризантемаларының тарихы тереңде жатыр. Қытайда хризантема тектес өсімдіктердің бақшаға арналғандары б.з.д. 551 жылы өсіріле бастаған екен. Кейін олар Жапонияға жеткізіліп, сол елдің ұлттық гүліне айналса,Еуропада тек XVII ғасырда тарай бастаған. Қытай халық медицинасында хризантеманы емдік шөп ретінде қолданады. Оның жапырақтары бас сақинасын, ал кептірілген гүлдері тәбетті ашу үшін пайдаланып келеді. Көптеген елде хризантеманың гүлдері мен жапырақтары көз ауруларын, безгек, маскүнемдік, асқазан аурулары мен жүрек қантамырлары ауруларын емдеуге қолданған екен. Соңғы жылдары Қытайда хризантеманың бөлмелерге арналған сұрыптары кең таралған. Олар үйлер мен бақтарды әсемдеуде ерекше орын алады. Жапонияда бұл гүлдерге тіпті арнайы бақтар салынған екен.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    777
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии