12 Декабрь
14:24
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
9 наурыз 09:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда iPhone алу үшін баласын сатып жіберген
08-03-16-china-reb

Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы Тун-ань қаласында тұратын А Дуань есімді 19 жасар жігіт жаңа туған қызын әлеуметтік желі арқылы бейтаныс біреуге сатып жіберген. Ол осы келісімнен түскен ақшаға iPhone мен мотоцикл сатып алмақшы болған. Бұл туралы The Epoch Times ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Ісінде береке жоқ А Дуань бұдан бірнеше жыл бұрын мектепті тастап кеткен екен. Ол содан кейін өзінен екіқабат болып қалған сексуалды келісім жасына жетпеген қызбен (Қытайда бұл мөлшер 14 жастан басталады) бірге тұрып келген.

Дуань уақытының көбін интернет-кафеде өткізетін болған. Ал бірге тұратын қыз үйде бала бағып отырған.

Жас жігіт интернеттен бала сату мен сатып алу жайындағы видеоларды көріп жүреді. Бір жолы ол QQ әлеуметтік желісінен өзінің қарындасы үшін бала сатып алғысы келетін бір адамның хабарландыруына тап келеді. Бұл уақытта оның өз қызының туғанына небәрі 18 күн болған. Дуань сосын әлгі кісімен саудаласуға кіріседі. Нәтижесінде ол қызын белгісіз біреуге 23 мың юань ($3,5 мыңнан сәл артық) ақшаға сатып жібереді.

Жаңа туған қыздың анасы мұндай келісімдердің заңсыз тірлік екенін, сондықтан оның қылмыс болып табылатынын білмейтін еді. Алайда, ол баланы сатуға келісім бермей, қаладан кетіп қалады.

Көп ұзамай полиция осы келіншектің соңына түседі. Қыз қолға түскеннен кейін өзінің де асыранды қыз екенін мойындайды. Ол сондай-ақ қалада өздері тәрбиелей алмайтын болғандықтан, балаларын сатып жіберетін ата-аналардың көп екендерін айтады.

Сот А Дуаньді үш жылға бас бостандығынан айырды, ал оның көңілдесі, яғни қыздың анасы 2,5 жылды шартты түрде алды. Судья оның мектеп жасындағы інісі мен мүгедек ата-анасына көмектесуі керек екенін ескерді.

 
нравится:    1218
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии