Әлем жаңалықтары
14 қараша 17:52
​Қытайда робот дәрігердің емтиханын тапсырды
Қытайда робот дәрігерлерге арналған Ұлттық медициналық лицензиялық сараптама тестін тапсырды.


 
Оны әзірлеген Қытайдың iFlytek Co Ltd компаниясы роботтың 456 ұпай жинағанын мәлімдеді. Осылайша робот қажетті минимумнан 96 ұпай жоғары жинаған.
 
Робот пациент туралы ақпаратты саралап, алдын ала диагноз қоя алады. Робот өндірісі 2018 жылдың наурыз айында іске қосылмақ. Бірақ ол дәрігерлерді толықтай алмастыра алмайды.
 
Қытайда жасанды интеллект әзірлеу ұлттық стратегия болып табылады. Ел билігі АҚШ-ты басып озып, бұл салада 2030 жылға қарай көш бастауды жоспарлап отыр.
 
Дереккөз: КорреспонденТ

Комментарии




Яндекс.Метрика