17 Декабрь
14:13
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 тамыз 15:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда шырмауық басып кеткен кент табылды
Қытайдың Янцзы өзенінің шығыс жағалаудағы құярлығында орналасқан шағын кент табылды. Бұл туралы Asia Russia Daily хабарлады.


Бір кездергі атауы Хату Ва болған кенттің ерекшелігі қазіргі күндері бір адам да тұрмайтын, жұрт түгел тастап кеткен ондағы үйлердің бәрін, сондай-ақ елді мекеннің соқпақтары мен алқаптарын түгелдей шырмауық басып қалған. Алыстан қарап тұрғанда, ол құдды бір қолдан тоқылған түкті кілемнің түсіндей болып көрініп тұрады.

Бүгінде қаңырап қалған сол деревня бір кездері балықшылардың жайлы тұрағы болып, күнде қанбазардың қалпындай тіршілік танытып тұрған екен. Бірақ соңғы жылдары айналаны шырмап бара жатқан дағдарыс осы бір арал-ауылды да айналып өте алмапты. Бұған ең алдымен Қытайда кейінгі кездері қолдап балық аулаудың тиімсіз бола бастауы себепкерлік еткен сияқты. Соның салдарынан тұрғындар күнкөріс қамымен жан-жаққа бытырап, көшіп кеткен. Ал елсіз қалған үйлер мен сүрлеулер біртіндеп шырмауық пен мүктің астында қалып, адам танымастай болып өзгеріп шыға келген. Сөйтіп, табиғат қайтадан бастапқы қалпына келіп, бұл жерді гномдар қонысына айналдырып жіберген көрінеді.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1193
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии