22 Август
15:03
Астана: 27 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
8 шілде 11:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда ШЫҰ мен БРИКС саммиттері туралы анимациялық видеороликті миллионнан астам адам тамашалаған (ВИДЕО)


Өткен жұмада «Фусин көшесіндегі жұмыс студиясы» «ШЫҰ мен БРИКС саммиттеріне Си ағамен бірге барамыз» жаңа анимациялық видеоролигінің таныстырылымы өтті. Онда ғаламтор-пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берілді. Кешегі күннің кешіне дейін пайдаланушылар видеоны 1,3 млн. астам рет тамашалаған.  
Халықаралық деңгейлердегі кездесулерге арналған мұндай видеоролик баспасөз мәслихаты түрінде өтті. Анимациялық персонаж - Хэ Цзинь есімді қыз (ШЫҰ мен БРИКС қытайлық атауларының бірігуі) - екі бірлестік бойынша сарапшы - алты өткір сауалға жауап береді. Интернет-пайдаланушылар: ШЫҰ мен БРИКС саммиттері деген не?   Неліктен екі кездесу бір уақытта, бір қалада өтеді? Бірлестікке мүше мемлекет басшыларына үнемі осылай кездесу өткізу қызықты ма? Бір де бір дамыған ел жоқ, саммиттер беделді бола ма? деген сұрақтар қойды.
 «ШЫҰ мен БРИКС саммиттеріне Си ағамен бірге барамыз»  - бұл «Фусин көшесіндегі жұмыс студиясының»  қытайлық төрағаның шетелдік сапарға баруы туралы алғашқы видеоролик емес. Бұл студия осыған дейін жарияланған саяси тақырыптағы « Қытай басшылары қалай шынықты», «Си ағамен Ресейге барамыз» видеоларымен белгілі болды. Ақпаратпен таныстыру үлгісі әр түрлі, анимация, микрофильм, сұхбаттан  брифингке дейін болуы мүмкін. Әр видеороликтің ерекшелігі бар.  
Еске сала кетейік, реселік Уфа қаласында (Башқұртстан) 8-10 шілдеде БРИКС саммиті (бес елден тұратын топ: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы), 9 шілдеде - БРИКС, ШЫҰ және ЕАЭО мүше-елдері басшыларының бейресми кездесуі, ал 10 шілдеде - Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. 



Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    827
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии