18 Декабрь
03:29
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 маусым 11:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап үкімге шағым түсірді
 

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап үкімге шағым келтірді, - деп хабарлайды Today.kz. 

"Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап ҚХР заңнамасымен бекітілген мерзімде апелляциялық шағым түсіруге бастамашылық ететінін хабарлайды. Сонымен қатар, отандасымыздың жазықсыз екені туралы позицияны алға тартуын жалғастырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ҚР СІМ дипломатиялық каналдар арқылы Ақжарқынның мүддесін қорғап ҚХР сот органдарына апелляциялық шағым түсірді", - деді Ақжарқынның қорғаушысы.

Қорғаушы оң шешімнің шығатынына үмітпен қарап отыр.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын.
 
нравится:    1514
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии