18 Август
03:26
Астана: 16 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
23 тамыз 14:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайда топтық гармонь тартудан әлемдік рекорд жаңартылды


20 тамызда Шәуешек қаласындағы орталық ойын алаңында 1517 адамнан құралған топ гармоньмен «Тарбағатай» әнін орындап, әлемдік рекордты жаңартты.

3500 көрермен куә болған бұл ерекше оқиғаны Гиннес рекордының Қытайдағы өкілдері әлемдік рекордтар кітабына ендіру үшін арнайы сертификатты табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін 2014 жылы Шынжындағы Шишияң музыка алаңында 1361 адам «Отанды жырлау» әнін шырқап, топтық гармонь тартудан Гиннес рекордын жасаған болатын. Бұл оқиғаның бір өзгешелігі Шынжындағы гармонь әуескерлері Қытайдың түкпір-түкпірінен жиналуында болып табылады.

Ал, рекорд жаңартқан соңғы оқиғаға қатысушы өнерпаздардың барлығы да Тарбағатай аймағының тұрғындары болып табылады және олардың басым бөлігін қаракөз қандастарымыз құрайды екен. Барлығы 17 ұлттан құралған топтың ішінде оқушылар да, оқытушылар да, жеке кәсіпкер, зейнетке шыққан жұмысшы-қызметкерлер де бірігіп өнер көрсеткен.

Олардың жас мөлшері – ең үлкені 69 жаста болса, ең кішісі 7 жаста екен.












 
нравится:    603
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии