Әлем жаңалықтары
9 қазан 12:23
​Қытайда жақұт пен інжуден жасалған алқалар рекордты бағаға сатылды

Қытай нарығындағы құлдырауға қарамастан, Гонконгтағы «Сотбис» аукционында бағалы әшекейлер жинайтындар 2 жаңа рекорд орнатты. Сұрғылт інжу мен кашмир жақұты әлемдегі ең қымбат заттарға айналған. Ал алқа теңдессіз деп мойындалды, себебі дүние жүзінде ондай асыл тастарды ұлулардың тек 2 түрі ғана өндіре алады. Аты-жөні белгісіз азиялық коллекционер інжу алқа үшін 5 миллион 260 мың АҚШ долларын төлеген. 28 караттық кашмир жақұтын да 6 миллион 700 мың долларға осы азамат сатып алып отыр.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика