21 Август
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
9 қараша 10:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайдағы ірі БАҚ робот-журналисті жұмысқа орналастырды
ҚХР-дың ірі бұқаралық ақпарат құралы - «Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігі жұма күнінен бастап, штатқа робот алынғанын хабарлады.



Оның міндетіне экономикалық және спорт тақырыбына материалдар құрастыру кіреді. Компьютерлік бағдарлама ақпарат агенттігінің құрылғанына 84 жыл толуы қарсаңында іске қосылды, деп хабарлады Nakedscience порталы.Ақпараттық агенттік басшысы робот журналисті толық ауыстыра алмайды, бірақ та жұмыс күшін үнемдейді және репортаждардың тиімділігі мен дәлдігін арттырады, деп мәлімдеді.
Робот-журналисті сынау өткен айда болды. Бағдарлама Қытай футбол суперлигасының оқиғаларын жариялады. Сарапшылардың бағалауынша, робот қойылған міндетті атқарып шыққан. Бағдарлама жарыстар нәтижелері және рейтингілері туралы мәліметтерді қытай және ағылшын тілінде жаза алады.
Ақпараттық агенттіктің пайымдауынша, робот көп кешікпей «қор нарығы, компания кірісі және валюталар бағамы» тақырыптарын зерделеп, экономикалық жаңалықтарды да меңгермек. 

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    727
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии