17 Август
14:01
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
22 желтоқсан 10:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайдағы лай көшкінінің жүруіне өндірістік қоқыс себеп болған
Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы лай көшкініне өндірістік қоқыс алаңына жиналған балшық себеп болған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.


Бірнеше жыл бойы тасталған қалдықтардың биіктігі 20 қабатты үймен теңескен. Ал құзырлы органдар халықтың арыз-шағымы мен ескертулеріне құлақ аспай, жүре берген. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин аймақтық әкімшілікке адам шығынын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды және жарақат алғандарға лайықты көмек көрсетуді бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, лай көшкіні 20 желтоқсанда болған еді. Апат кезінде өндірістік парк аумағында 900-ден астам қызметкер мен олардың отбасы мүшелері жүрген. 33 ғимарат лайдың астында қалып, 91 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    752
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии