22 Сентябрь
17:44
Астана: 10 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Авто
9 желтоқсан 11:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайлар ойдың күшімен басқарылатын көлік шығарды
XXI ғасыр сонау балалық шағымызда естіген немесе оқыған қиял-ғажайып ертегілердің шындыққа айналатын кезеңі сыңайлы. Бұлай дейтініміз, қытайлық Нанькай университетінің ғалымдары Great Wall компаниясымен біріге отырып, ми импульстарымен басқарылатын көлік жасап шығарыпты, деп хабарлайды TechInsider.



Жаңадан ойлап табылған бұл көліктің жүргізушісіне руль керек емес. Себебі ол мидағы импульстер көмегімен машинаны алға-артқа жылжытқызып, тежеп, тоқтатып, оның есіктерін іштен құлыпқа қойып, қайтадан аштыра алады.  Мұның барлығы адамның ми импульстерін есептеп, көлікке жіберіп тұратын арнайы құрылғының көмегімен іске асады. Жобаға қатысушылардың айтуынша, құрылғының ішінде жүргізушінің электроэнцефалограммасын тіркеп, ондағы сигналдарды дөп басып, орындаттырып отыратын 16 тетік бар екен. Бірақ, адам осы көлікті басқару кезінде жолда күрделі маневрлерді орындау үшін ойы тек оны жүргізуде болуы керек.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    741
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии