18 Ноябрь
18:15
Астана: 0 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
15 қаңтар 10:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайлық әйел жел ұшырған ақшасын жұрт көмегімен жинап алды
14-01-16-chen-banknot-1

Оқиға бұдан төрт-бес күн бұрын Қытайдың Аньхой штатындағы Хуайнань қаласында болған. Бұл туралы «В мире Чудес» хабарлады.

Жолды кесіп өтіп бара жатқан Чен есімді әйел кенет оның тура ортасына келгенде, сөмкесінен бір пәшкі ақшасын жерге түсіріп алады. Бірнеше мың юань болатын банкноттар сол заматта көтерілген желдің екпінімен жан-жаққа ұшып кете бастайды.

Бұдан кейін не болды дейсіздер ғой? Не істерін білмей, қалт тұрып қалған әйелге жолдан өтіп бара жатқан бейтаныс адамдар көмекке келеді. Олар жүгіріп жүріп, ұшып түсіп жатқан ақшаларды автомобильдер доңғалақтары астынан жинастыра бастайды. Ал бірнеше минуттан кейін 3 700 юаньды құрайтын барлық ақша түгел жинап алынып, иесіне тапсырылады.

«Мен өз ақшаларымды енді қайтып көре алмайтыныма сенімді едім. Бірақ жұрт мен ойлағаннан әлдеқайда жақсы болып шықты», – деп ағынан ақтарылды Чен.

Дереккөзі: http://ras.kz/
нравится:    748
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии