24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
1 наурыз 11:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайлық "емшілер" жынын қуу үшін әйелді тірідей суға қайнатқан
Қытайдың Сычуань провинциясында екі дуагер әйелді бөшкеге салып күйдірген. Өздерін сиқыршы санайтын екі адам әйелдің бойындағы жын-пері мен ауруды аластап тастау үшін осындай әрекетке барған деп хабарлайды Chinanews.com сілтеме жасай отырып dni.ru.





Трагедиялық жағдай 27 ақпан күні орын алған. Куәгерлердің айтуынша, әйел ұзақ уақыт бойына қиналып, дертіне ем таба алмаған. Ақыры амалы құрыған ол халық емшілерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Өздігінен айқайлап қиналған әйелге көмек көрсету үшін арнайы емшілер шақырылған. Әйелдің халін байқаған емшісымақтар, айқайлаған адам емес, оның ішіне жын кіріп алған деп айтқан. Сосын жыннан арашалаймыз деп, әйелді ағаш бөшкедегі ыстық суға салып күйдірген.

Бірнеше уақыттан соң жеткен құтқарушылар әйелдің әлі де шала жансар тірі екеніне көз жеткізіп, оған көмек көрсетпек болған. Алайда, денесі қап-қара болып күйіп қалған әйел көп ұзамай жантәсілім еткен.
Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өздерін емшілерміз деп таныстырған адамдар қамауға алынды.
 
нравится:    1249
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии