16 Декабрь
22:53
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
10 ақпан 12:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайлық қандасымыз қала әкімі қызметіне сайланды
Қытайға қарасты Тарбағатай аймағы, Шиху қаласының бастығы болып, қандасымыз Дәлелбек Кенжеқанұлы тағайындалды деп хабарлайды BAQ.KZ.  


«Тәңіртау» торабының дерегінше, Дәлелбек Кенжеқанұлы Шиху қалалық 4 кезекті халық құрылтайы, 2 жалпы мәжілісінде сайланған. Құрылтай жиынына қатысқан 148 өкіл жасырын дауыс беріп, соңында қала әкімдігіне қандасымыз лайық  деп танылыпты.
Шиху - Жоңғар жазығының жиегіне орын тепкен, тоғыз жолдың торабы саналатын маңызды, тарихи қала. Ежелде ойраттардың хошут тілінде Шиху – «Көр харусұн» деп аталыпты. Бұның мағынасы «мол қара су» деген сөз болса керек.  Ежелгі Жібек жолы да осы Шиху қаласынан өткен. Шихудың тағы бір ерекшелігі - онда елге әйгілі Ақ сексеуіл қорығы бар. 1945 жылғы Гоминдаң қытайларына қарсы соғыста қала әскери бекініс болып, штаб орналасқан. 
нравится:    3654
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Жарқын.Айбын2016-02-12 17:33:45
    өзім осы қалада тұғанмын баяғыдан бері қала әкімі қазақ болып келген таңғаларлық ештеңесі жоқ,осы күнге дейінгі қай әкім болсада қазақтарға жартып жасаған ауыз толтырып айтардай ешқандай еңбегі жоқ деуге болады дуйім жұртқа әділетті екенін көрсеткісі келген қытай камунистік партясы жүргізіп отырған жымысқы саясатының айшықты көрнісі деп білем.өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол дегім келеді.......