22 Август
05:33
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
21 қаңтар 09:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайлық қария "қызғаныштан" 21 мың долларды ұсақтап қиып тастады

Қытайлық  85-жастағы қария "қызғаныштан" 140 мың юаньді (шамамен $21000) ұсақтап қиып тастаған деп хабарайды dni.ru сайты.




Оқиға былай болған. Таяуда ғана үйін 200 мың юаньға сатқан қария ұлының қолында тұру үшін көшіп барған екен. Қомақты соманы ол өз бөлмесінде тығып ұстаған. Бірақ, күн өткен сайын ақшаны баласы мен келіні тартып алатындай болып көрінген ол, ақыры 140 мың юаньді (21 мың доллар) қайшымен майдалап кесіп тастапты. Қалған алпыс мың юаньді де кеспек болған жерден әкесін баласы тоқтатады. Бүлінген қомақты қаражатты қарттың ұлы мен оның әйелі қайта желімдеуге кіріседі. Олар әр күн сайын кешкі жетіден түнгі сағат он екіге дейін ақша жамаумен айналысқан. Сөйтіп, олар бүкіл ақшаны үш айға жуық уақыт бойы құрастырып, желімдеп, банкке апарып өткізіп, орнына жаңа банкноталар алған екен. Маңдай термен бүтінделген қомақты қаржыны отағасы қайтадан түртпес үшін отбасы банкке салып тастапты.

 
нравится:    770
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии