|    |  
20 қараша 2018
05:00
қаз
Қытайлық келіншек $277 мың тұратын алмаз тасты жұтып қойды
14 қыркүйек, 11:54 1033


Тайландтағы зергерлік бұйымдар көрмесінде құны $277 мың тұратын алты караттық алмазды Қытай азаматшасы ұрлап алып, жұтып қойды.

Көші-қон полициясы ұры қызды Бангкок әуежайынан ұстап алды, ол өзінің жігітімен отанына оралмақ болған.

Бағалы заттың ұрланғаны туралы зергерлік фирмалардың бірі бейсенбі күні хабарлаған болатын. Алаяқтар бағалы тастың құнын сөз етіп тұрып, орнына жасанды тасты қойып кеткен.

Полиция бейнебақылаудың түсірген суреттерін жариялап, нәтижесінде ҚХР-дың азаматшасы қолға түсті. Олардың заттарын тінту кезінде бағалы зат табылмады.

Екеуі де Тайландқа демалуға келген туристер екенін айтып бақты. Алайда алаяқтарды рентгенге түсірген соң 30 жастағы әйел қылмысын мойындауға мәжбүр болды деп жазады РИА Новости.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
Жаңалықтар