Әлем жаңалықтары
8 қыркүйек 10:33
Қытайлық оқушы сыныптастарының суына егеуқұйрық уын қосқан

Қытайдың Ганьсу провинциясының 20 оқушысы бір мезетте уланып ауруханаға түсті. Оларды сыныптасы егеуқұйрыққа арналған умен улаған деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиға Гаолань уезінде орын алды. Жергілікті мектеп оқушылары улану жағдайларымен көп шағымданған. Біраз уақыт өткеннен кейін уланған балалармен бірге оқитын қыз олардың ішетін суына егеуқұйрық уын сепкендігін мойындады.

Аталған оқиға бойынша 14 адам емханаға жатқызылды. Олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр.
Ал қыздың қандай мақсаттарда суға у қосқандығы белгісіз. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Комментарии




Яндекс.Метрика