20 Август
08:01
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
1 қыркүйек 15:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қытайлық терезеден құлаған баланы құтқарып қалды
Қытайдың Шаньдун провинциясында бір ер кісі төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен қыз баланы швабраның көмегімен ұстап тұрып, 20 минуттың ішінде құтқарып қалды. Бұл туралы Британияның Sky News телеарнасы хабарлады.



Арнаның баяндауынша, Ван Баопин (Wang Baoping) есімді ер кісі көшеден өтіп бара жатып, кішкентай қыздың шыңғырған даусын естіп қалады. Ол сол бойда терезенің торына ілініп тұрған баланы көреді. Осыдан кейін ол жүгіріп пәтерге кіреді. Сосын қолына швабра алып, үшінші қабаттың карнизіне шығады. Осы жерде тұрын Ван қызды арғы жағынан әке-шешесі келіп, пәтерге қарай қайта тартып алғанша ұстап тұрады.

Телеарнаның мәліметіне қарағанда, қыз осы оқиға кезінде қатты қорқып қалыпты, бірақ ешқандай зардап шекпепті.

Осыған ұқсас оқиға биылғы 19 шілдеде АҚШ-тың Колорадо-Спрингс деген қаласында да болды. Онда бес жасар қыз үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, жерге түседі. Ол қолындағы жұмсақ ойыншығы – миньонның арқасында тірі қалады. Полицейлердің айтуларынша, баланың қолындағы жұмсақ ойыншық оның жерге қатты құламауына себеп болған.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    719
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии