19 Август
07:46
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
4 тамыз 11:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қытайлықтар Кәрім Мәсімовке риза
 
 
Ухань университетінде еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің студенттік карточкасы мен суреті сақталған.
 
Қытай компартиясының Ухань университетінен шыққан насихатшылары Кәрім Мәсімовке «Қытайды тану бойынша халықаралық кеңесші» атағын берді.
 
Ухань университетінің насихат бөлімінің басшысы Фа Лин Чан: «Біз Кәрім Мәсімовті «Қытайды тану бойынша кеңесші»-деп атадық. Ол біздің университетіміздің атын шығарды. Келген кезінде конференнция барысында қытай тілінде сөйледі. Сондықтан ол құрметті шәкірт»-деді.
 
Оның сөзіне сенсек, университет берген құрметті атақ премьер-министрге қандайда бір міндеттемелер жүктемейді екен.
 


- Ол ештеңе істемейді. Ол біздің құрметті шәкіртіміз. Ол Қытайдың мәдениетін танытады. Кәрім Мәсімов – Қазақстан мен біздің университет арасындағы байланыстың символы. Кәрім Мәсімовтің арқасында қарым-қатынас нығайып келеді – дейді насихат бөлімінің басшысы.
 
Фа Лин Чан сондай-ақ «Қытайды сынау» жобасын әзірлеген, премьер-министрге сабақ берген оқытушылардың бірі ҚХР-дың Мемлекеттік кеңесінде жұмыс істейтінін айтты.
 
Кәрім Мәсімовтің мына суреттері университеттің дәлізіндегі тақталарға ілінген. «Қытайды сынау» жобасы қазақстандықтардың Қытай туралы көбірек білуі үшін ҚРХ Мемлекеттік кеңесінің бастамасымен қолға алынған болатын.
 
Дереккөз: ratel.kz
нравится:    1369
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии