|    |  
19 ақпан 2019
11:53
қаз
ҚЫТАЙША ТАУЫҚ ЕТІ
14 желтоқсан 2018, 14:59 7

 
ҚҰРАМЫ:
 
Тауық еті — 300гр
Болгар бұрышы — 2 дана
Сарымсақ — 3-4 түйір
Тұз
 
Соусына:
 

Соя соусы — 5 асқасық
Су — 5 асқасық
Қант — 1 асқасық
Крахмал — 1 шай қасық
Мұз боп тұрғанда тауық етін турап алған жөн! Сол кезде әдемі кесіледі.
 
Етті қызған майға салып, піскенше тұз салып қуырамыз.
 
Піскен етті басқа ыдысқа салып алып, болгар бұрышын ұзыншалап турап, сол тауық етін қуырған майға салып қуырамыз.
 
Cарымсақ салып, қызыртып қуырып, үстіне піскен тауық етін салып бір араластырамыз. Cоусын дайындап, сое соусына су құйып, крахмал, қант салып араластырып, оттың астын баяулатып, соусты құйып, тез-тез араластырамыз.
 
Қатты қоюланып қалса су қосуға болады, бір қайнағаннан кейің 1 сарымсақты ұсақтап турап, тұзы кем болса тұз салып, бір араластырып, отты өшіреміз. Гарнирге қасына күріш қолданған жөн болады.

АС БОЛСЫН!

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар