27 Май
16:06
Астана: 3 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
13 мамыр 17:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қыздарды тітіркендіретін ерлер киімі


Киім топтамасында ұнамсыз танылатын киімдер тек қана әйел затында ғана емес, ерлерде де бар. Бұл заттарды киген ер адамдар қыздарды тітіркендіріп, ұнамсыз күйге түсетіні және бар.

Дәл осы ерлер киім топтамасындағы ұнамсыз заттар туралы бүгінгі мақаламызда айтатын боламыз.

Кофтада немесе футболкада тым үлкен ойықтың болуы

V-пішінді бейне сәнді көрінгенімен де, әр нәрсенің өз шегі бар. Ойықтың терең болуы дөрекілік және сәнсіз болып көрінуі ықтимал.


Өте қысқа шортылар

Тізеден жоғары шортыларды көптеген әйелдер қабылдамайды, одан қысқасын айтпағанның өзінде. Жылтыр да арық, жарасымды әйел аяқтарына мұндай қысқа  шорты киген жарасқанымен де, жүн басқан, қисық еркек аяғына мүлде тартымсыз көрінері анық.


Ауыр сөздер жазылған немесе өзгеше қалжың жазылған футболкалар

Мұндай киім топтамасындағы футболканы кисе, қыздар өзіне көңіл аудару үшін киді деген ойда қалары сөзсіз. Біреудің айтқан ойы мен ұранын арқалағанша, жазусыз әдемі сапалы футболка киген орынды.


Вьетнамкалар

Вьетнамкаларда жағажайға, саунаға немесе хауызға киген орынды. Қаланың ішінде мұндай аяқ киім бір түрлі көрінеді. Және де мұндай слансыларды джинсы немесе немесе шалбармен кисе, тіптен сұмдық.



Классикалық костюм және жейдесіз жилетке

Сәнді көрінуі үшін кейбір еркектер классикалық жилеткаларды футболка не кофта сыртынан киіп алады. Алайда қыздар мұндай комбинация үйлесімді деп санамайды. Жилетканы міндетті  түрде жейденің сыртынан киіп, артынша костюм киген дұрыс.


Үлкен мүсіні және оюы бар белдіктер

Үлкен мүсін немесе оюы бар белдіктер сәннен қалғалы қашан. Оның орнына қарапайым классикалық, қара не қоңыр белдік таққан орынды.


Қап тәрізді сәнді костюм

Костюм кез келген еркекті сәнді етеді. Егер костюм тым үлкен болса, қап тәрізді болса, оны танымал адам кисе де қыздардың бұрылып қарамасы анық.


Алқызыл заттар

Алқызыл түс те ерлердің киім топтамасынан көрініп жүр. Алайда әйел заты бұл түсті ерлердің кигенін қаламайды, өзінің түсі деп есептейтіні белгілі.



Денеге қатты тартылып тұратын джинсылар

Ерлердің шалбарындағы етегінің тарылуын әйел заты құптағаны мәлім. Алайда денеге қатты тартылып тұратын джинсыны ер азаматтардың киюі әйелдерге ұнамайды. Ол әйелдердің леггинсиын еске салады.



Әшекейдің тым көп болуы

Әшекейді көп тағу еркектен гөрі әйелдерге жарасады. Ер адамға тек қана бір немесе екі әшекей жеткілікті, бейнесі жақсара түседі.


Жарылуға қауіпті үйлесім: сандали және шұлықҚандай жағдай болмасын, сандалиді шұлықпен кимейді. Кейбір сәнді көрсетілімдерде модельдер сандалимен шұлық киіп шыққанымен де, күнделікті өмірде бұл өте өрескел көрінері анық. Әйелдің де, еркектің де жүйке жүйесін зақымдамаңыз.


Соңында айтарымыз, ең бастысы – күтімді сыртқы келбет пен таза киім екені белгілі. Өлшемі келмейтін киімдерден бас тартыңыз. Мұндай қадамды кез келген әйел құптары анық.

Дереккөзі: www.menslife.com
нравится:    53
Теги: Сән әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии