18 Октябрь
04:04
Астана: 4 °C
Алматы: 7 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
18 тамыз 11:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қызғаншақ әйел тоқал алғысы келген күйеуінен кек қайтарды

Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Рияд қаласында тұратын әйел күйеуі екінші әйел алмауы үшін шешуші қадамға барды. Бұл туралы islamnews.ru хабарлады.

Қызғаншақ әйел күйеуінің ұйықтап қалуын күтіп отырды. Ал қатты ұйқыға батқан кезінде оның жыныстық мүшесін кесіп алды.

Саудияның Alheyad газетінің жазуынша, қызғаншақ жұбайынан осылай күтпеген жерден жапа жеккен күйеуді «жедел жәрдем» көлігі сол бойда көпшілік ауруханасына алып кетеді. Сосын ол басқа клиникаға ауыстырылады.

Хабарланғандай, әйел мұны екінші рет үйленбекші болған күйеуінен кек қайтару мақсатында жасаған болып шықты. Саудиялық әйел өзінің мұндай ойы барын қосағына алдын ала айтқан да көрінеді. Бірақ күйеуі оның бұл сөзіне оншалықты мән бере қоймапты. Онысы бекер болғанын кеш түсінген…

Әйелдің қорқытуына қарамастан, тойға дайындалып жүрген ер кісі ақыры мынадай шабуылға душар болған. Күйеуінің тоқал алмай тоқтамасына анық көзі жеткен әйел сосын өзінің қызғаныштан туған долылығын баса алмай қайраулы бәкіні қолға алыпты.

Тергеу барысында әйелдің күйеуі жаңа әйел алмай тұрып, оны мүгедек етіп тастауға бекінгені анықталған.
нравится:    1590
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • керем2016-08-18 11:49:42
    ол айелге батыр атагы берiлсiн